Қаңтар оқиғасы: қанша адамға рақымшылық жасалуы мүмкін?

Мәжіліс депутаттары қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Парламенттің төменгі палатасы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов мәлімдеді.

Арман Қожахметовтың айтуынша, заң жобасының мақсаты — Қазақстан Республикасы аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату не сот тағайындаған жаза мерзімдерін қысқарту.

Террорист, экстремист, рецидивист, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, азаптау жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды. Бұл туралы Президент айтты. Алдын ала болжам бойынша, қазіргі кезеңде рақымшылық 1,5 мыңға жуық адамға қатысты болады

— деді Мәжіліс депутаты Гүлнәр Бижанова.

Депутат заң жобасы азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасағандарға мемлекет пен қоғамнан гуманизм мен мейірімділік актісі саналатынын түсіндірді. Қылмыстық теріс қылықтар, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандарға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады, олар бойынша сотталғандар жазадан босатылады, ал жазасын өтегендерден соттылығы алынады.
 
Ауыр қылмыс жасаған адамдар үшін соттар тағайындаған жаза 3/4-ке, аса ауыр қылмыстар үшін 1/2-ге қысқартылады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago