Categories: Қоғам

Қаңтар оқиғасы Назарбаев жүйесіне нүкте қойды

Бір жыл бұрын елде Алашты ғана емес, әлемді дүрліктірген «Қаңтар оқиғасы» болды. Қазақ халқының қазынасын екі асап, бір жеуге дәніккендерге қарсы халық жаппай көтерілді. Елдегі газ бағасының қымбаттануы, әлеуметтік қайшылықтар, өмір сапасының нашарлауы, кланаралық тартыстар сынды белгілер халықтың соқтасын суытып, жалпы жұртты ашындырды. «Адырна» ұлттық порталы болған оқиғаға қатысты сараптамашы журналист, белгісі қоғам белсендісі Асылхан Маманұлының талдауын ұсынады.

Журналист Асылхан Мамашұлы «Қаңтар оқиғасының» тарихи маңызы мен саяси салмағына үңіле келе төмендегідей қорытындыға келген.

Қаңтар көтерілісі нәтижесіз аяқталды демеңіздер, осы көтеріліс әлі де ондаған жылға жалғасуы мүмкін Назарбаев жүйесіне үлкен нүкте қойды. Нұрпартиясы мен басқа нөкерлері қала ма, жоқ па бәрібір, енді саяси риторика басқа болады. Біз Назарбаев дәуірінен кейінгі кезеңге көштік. Екі президенттің ел билігін ойыншыққа айналдырғаны, билік транзитін жасағансып, спектакль қойғаны – жүздеген шаңырақтың трагедиясымен аяқталды. Трагедия сұраусыз кетпейді.

Қазақстанда қос билік барын, Назарбаев ықпалы басым болғанын бұлар қаңтар көтерілісінен кейін ғана мойындады. Қаңтар көтерілісі Назарбаевтың отыз жыл бойы қулық-сұмдықпен жинаған супер президенттік билігін Тоқаевқа бір күнде әперді. Сол үшін ол рақмет айтуы керек еді. Тоқаев Нұрпартия сиезінде Назарбаев еңбегіне жоғары баға берді, жетістіктерін көбірек айтайық деді. Осы сөзімен Назарбаевты тарихқа жіберді және баға беру кезеңіне жол ашты.

Асылхан Мамашұлының бірқатар болжамдарының шындыққа ұласқанына көз жеткізу қиын емес. Автор «Астана» атауының қайта оралатынын да айтқан еді. 2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды. Елдегі саяси оқиғаның алдағы уақытта қандай бағытта өрбейтіндігіне қатысты:

Мұнан былай саяси қызметкерлер де Назарбаевтың еңбегі мен қателігін қатар айтатын болады. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Қайсысы басым екені мәлім. Нұр–Сұлтан қаласы, жүздеген Назарбаев ескерткіші мен көшелері тұрғанда Тоқаев айта бастаған «түбегейлі саяси өзгеріс» болмайды. Демек, Астана атауы қайтар күн алыс емес. Оны Тоқаев өзгерте ме, Боқаев өзгерте ме, көп қалған жоқ.

Кешегі жиында Тоқаевтың «Өткенді жоққа шығаратын, ел басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр» деген сөзін көңілге алмаңыздар. «Бірер жылдан соң мен де кетем, тиіспеңдерші» дегені. Бірақ қазақ халқының ешкімге гарантия бермейтіні, реті келгенде әрекетіне қарай бағалайтыны түсінікті болды емес пе?

деп жазды журналист.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago