Categories: Оқиға

“Қаңтар оқиғасы” туралы шындықты баяндап жүрген журналистке қастандық жасалды

Журналист Динара Егеубаеваның көлігін әлдекімдер өртеп жіберді.

Болған оқыс жағдайға қатысты журналист Гүлмира Абықай төмендегідей пікір білдірді.

Алматыда әріптесіміз Динара Егеубаеваның аулада тұрған көлігін белгісіздер өртеп жіберді. Әйтеуір, дер мезетте жалын сөндіріліп, өрт ауыздықталды. Егер, бензин жарылса жалғыз Динара емес қанша бейбіт тұрғынның өмірі мен мүлігіне зақым келер еді. 

Біреулер қаңтар оқиғасының ақиқатын ашқаны үшін жаза десе, тағы бірі: Парламенттік сайлау алдындағы үркіту; келесі топ: бұл кезекті спектакль деп жатыр.

Қалай десек те, журналиске кәсіби қызметі үшін қастандық жасау дұрыс емес! Журналистің міндеті ақпарат тарату, беру, жеткізу, — деп жазды автор.

әлеуметтік желіден алынған

Оқырмандар бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр:

“Бұл — саяси қадам”, “Көлік ішінен жанған. Тоқтардан ұшқын шығуы мүмкін. Техникалық ақау”, “Бұлардың методы өзгермейді екен. Балташ Тұрсынбаев Қазақтың жерін жекеге сатуға тікелей қарсы болып, халықтан қол жинап, жерді сатқызбаймын деп билікке қарсы шыққанда, Балташтың да машинасы өртеніп еді”, “Заңгерлерден құқықтық баға күтеміз: бұл террорма? Болса қандай түрі? Журналистерден ақпараттық қолдау мен қоғамға ашық жариялап Президенттен өртеген адамдарды тез арада тауып жазалауын күтеміз. Өйтпесек, біз Ресейдің жолына түсеміз. Демократиялық жол ешқашан болмайды” деп жазды олар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago