Оқиға

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған Кәрім Мәсімовке тағы бір айып тағылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа қылмыстық істер туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) және 366-бабы («Пара алу») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр,

дейді комитет өкілдері, — делінген комитеттің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Сондықтан, қылмыстық-атқару кодексінің 92 — бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторына жеткізілді.

Айта кетейік, 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин, М. Осипов және олардың қорғаушыларының шағымдары бойынша «өте құпия» деген белгімен қылмыстық істі қайта қарады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі үкімімен К. Мәсімов пен А.Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago