Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

Сенат депутаттары қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады.

«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы нормаларында қазақстандықтарды қылмыстық және ауырлығы аз және орташа қылмыстар үшін жазадан босату көзделген. Жазасын өтегендерден соттылығы алынады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін — сот тағайындаған мерзімнің төрттен үші, ал аса ауыр қылмыстар үшін — жартысына қысқартылады.

Сонымен қатар, заң жобасында босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, медицина көмек беру және іс қағаздарын жүргізу мәселелері қарастырылған. Бұл ретте террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған, мемлекетке опасыздық жасаған, азаптау, қылмыс қайталанған немесе жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасауға жатпайды.

Қабылданған заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Заңда рақымшылықты қолдану шарттары мен заң қарастырмайтын адамдарға қатысты нормалар нақты жазылған

— деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Рақымшылыққа тек 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты немесе олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар ғана қолданылады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago