Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі өтті. Айсұлтан – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. Ол 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған. Дариға Назарбаева турнирдің басты спонсоры болған деседі. Экс-президенттің қызын фотосуреттерден байқауға болады.
Қазақстанның бас футбол аренасында еліміздің түрлі қаласынан 150 бала бақ сынады. Турнир екі күнге созылды. Ойынға жиырмаға жуық бапкер, балалардың ата-аналары да қатысты. Олардың тамағын, тұратын орнын, яғни шығынды толықтай көтерген ұйымдастырушы тарап екен. Ал басты демеуші Дариға Назарбаева болып шықты. Оны фотосуреттерден байқауға болады. Соңында қатысушыларды құр қол қайтармай, жеңімаздарына сыйлықтар үлестірген екен.
Турнирдің қорытындысы бойынша «Астана» балалар футбол клубы жеңіске жетті. Қарағандылық «Шахтер» командасы күмісті арқалады. Ал алматылық «Қайрат» қола жүлдені қанағат тұтты.
Дариға Назарбаева жаңа жылдан бергі аралықта Мәжілістің отырысына қатысқан жоқ. Оның коронавируспен ауырып жатқаны айтылды. Бүліктен кейін елде Назарбаевтар әулетімен байланысы барлардың барлығы дерлік лауазымдарынан босатылды. Өз еріктерімен. Алайда Дариға Назарбаева Мәжілістегі мандатын тапсырмады.
Дариға Назарбаева 2019 жылы Сенат депутаты болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің міндетін атқаруға кіріскен соң Дариға Сенат төрағасы болып сайланды. Сол кезде Тоқаев оны бұл қызметке өз қолымен әкеліп отырғызған. Бірақ 2020 жылдың мамырында Дариға түсініксіз жағдайда қызметінен кетті. Оның қайда жүргені ұзақ уақыт бойы белгісіз еді. Былтыр қаңтарда өткен сайлауда Дариға «Нұр Отан» партиясының тізімімен Мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев төраға болып сайланған партияның съезінде Саяси Кеңестің мүшелігінен шығарылып тасталған еді.
25 ақпан күні Дариға депутат қызметінен кетіп, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық істеріне ден қоюға шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
Елімізге әрі қарай да қызмет ете беремін. Ол үшін лауазым керек емес,
деген еді Назарбаева.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…