Қаңтардан кейін бүлінген Алматы әкімдігі қашан қалпына келтіріледі?

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін бүлінген қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары наурыз айында аяқталады.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жиынға қатысқан тұрғынның бірі әкімнен жаңа алаңдағы ғимарттардың қашан қалпына келтірілетінін сұраған.

Қалалық әкімдік пен Президент резиденциясының орнында қандай да бір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көреміз. Неге Сәтбаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысындағы ғимарат әлі сол күйі түр? Білуімше, ол нысанда бұрын телеарналар жұмыс істеген. Жалпы жаңа алаңды қашан толығымен ретке келтіреді?

деді Алматы қаласының тұрғыны.

Әкім тек қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары нақты қашан аяқталатынын айтты.

Резиденцияны сүру жұмыстары аяқталды деуге болады. Онда жаңа қалалық үлкен саябақ болады. Дүйсенбі күні Мемлекет басшысына саябақтың концепциясын көрсеттім. Ал қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары наурыз айының соңына қарай тәмамдалады деп күтіп отырмыз. Ал жаңа сіз айтқан ғимаратқа келсек, бұл жекеменшіктегі нысан. Сондықтан ғимараттың қожайындары алаңдаушылық білдіріп, ретке келтіреді деп ойлаймын,

деді Ерболат Досаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago