Саясат

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Ақтау қаласының әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қызметінен өз еркімен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі лауазымына жаңа кандидатты ұсынды.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев болды,

делінген хабарламада.

Ұлықбек Тналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша бітірген, «Техника ғылымдары» магистрі, сондай-ақ «Экономика және бизнес»магистрі академиялық дәрежесіне ие. Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін-Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
Қалалық мәслихат депутаттары Тналиевтің кандидатурасын қолдады.

Нұрлан Ноғаев Ербол Ізбергеновке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Ұлықбек Тналиевке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago