Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау әкіміне кандидат ұсынды.
Ақтаудың бұрынғы әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. Ал оның орнына Ақтау әкімі болып Ербол Ізбергенов тағайындалды.
ҚР президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Ербол Ізбергенов Алматы құрылыс және басқару колледжін, Ақтау мемлекеттік университетін және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Магистр» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақтау қаласында «Маңғыстау Нефтегаз Барлау» кәсіпорнында кірпіш қалаушы болып бастады.
1994-1996 жылдары «Қаламқасстрой» коммуналдық қоғамдық ұйымында кірпіш қалаушы болып жұмыс істеді. содан кейін түрлі басшылық қызмет атқарды.
2004-2005 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2005-2007 жылдары — Қызылтөбі ауылдық округінің әкімі.
2007-2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары — Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының бастығы.
2014-2015 жылдар аралығында ҚР ИДМ КТРМ ішкі әкімшілік басқармасының бастығы болды.
2015 жылы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Инвестициялық жобалар басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылы «Атамекен» Республикалық кәсіпкерлер палатасының Ақтау қаласындағы директоры, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2020 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…