Categories: Қоғам

Ақтау көшелеріне бұрын болмаған «Сергек» келді

Қытайдан қазаққа келген қу жүйе жылдамдық асыру, қызыл түске өтіп кету, тоқтау сызығын және тұтас сызықты басу сияқты ереже бұзу әрекетін тіркейді.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында мамандар былтыр көктемде бейнекамералар қоя бастаған. 638-ін қала ішіне, қалған 500-ін шалғай аудандарға орнатты. Мangystaumedia.kz 1 шілдеде «сергек» кешені іске қосылғанын хабарлады.

Жүргізуші жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат процессингтік орталық пен әкімшілік құқық бұзушылық реестріне келіп түседі.

Әкімдік жобаның мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асатынын хабарлады. Камера орнату, қолдану, қызмет көрсету туралы келісімшарт бес жылға жасалды. Жоба құны — 6.609 миллиард теңге.

Жылдан-жылға «сергектің» саны артып келе жатқанын байқауға болады.

Алматыда оларды жол бойына ғана емес, полиция көліктерінің төбесіне де орнатып жатыр. Ал Алматы облысының билігі трассаның қауіпті бөліктеріне камера орнатуды жоспарлап отыр.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago