Оқиға

Ақтауда 16 жастағы қыз 13-қабаттан құлап көз жұмды

Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, әзірге қыздың биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде болған. 13-қабаттан құлаған қыз сол сәтте жан тапсырған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысының қолында тұрған екен. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.

“Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago