Әлеуметтік желіге шолу

Ақтауда 34 жыл еңбек өтілі бар мұғалімнің жұмыстан босатылуы қоғамда дау тудырды

Ақтауда №1 мектептегі биология пәнінің мұғалімі Наталья Дроздованың жұмыстан босатылуы ата-ананың наразылығын тудырды. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.

№1 мектеп оқушыларының ата-анасының айтуынша, мұғалім жұмыстан заңсыз шығарылған.

«Наталья Викторовна Дроздова – 34 жылдық еңбек өтілі бар биология пәнінің мұғалімі. Бұл хабарды ата-аналар да, балалар да таңданыспен қабылдадық. Наталья Викторовна – ұстаздар әулетінің өкілі. Ол жұмыс барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, шәкірттерін түрлі жетістікке жеткізді.  Оның оқушылары республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері, облыстық, қалалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары», –  деді ата-аналар.

Жұмыстан шығару себебі Еңбек кодексінің 52-бабының 8-тармағы – мұғалімнің жұмыс орнында болмауы деп көрсетілген. Ал ата-аналардың айтуынша, мұғалімнің қолында сол күні директордың қолы қойылған демалыс туралы өтініші болған.

«Біздің балаларымыз осы оқу жылында мектеп бітіреді. Оларды ҰБТ тапсыруға және жоғары оқу орындарына түсуге байланысты қиын сынақ күтіп тұр. Наталья Викторовна – тамаша ұстаз, ол үш жыл бойы әріптестеріне тәлімгер болды. Оның пікірін ұжымда да, қалада да көп адамдар тыңдайды. Оның балалар мен олардың ата-аналарына деген жеке көзқарасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұғалімді осылай заңсыз жұмыстан шығару әділетсіздік деп санаймыз. Біз, ата-аналар, ұстаздың жұмысқа қайта оралуы үшін әділдік іздеуге және соңына дейін баруға дайынбыз», – деді ата-аналар.

Мұғалім Наталья Дроздованың пікірінше, жанжалдың себебі жалақы төленбеуіне байланысты түрлі органдарға шағымдануы болуы мүмкін екенін айтты.

«Бұрын мен екі өтініш жазғанмын: ақысы төленбейтін демалыс және демалыс уақыты үшін (мектеп директорының 05.09.2022 жылғы №148 Тұрғын үй кодексінің бұйрығына сәйкес) 30 қазан мен 3 қараша аралығында. Өтініш  № 01–30/8 от 23.10.23 ж. кіріс құжатымен тіркелді. Директор демалысқа қол қойды (аудио жазбасы бар). 

Сәйкесінше, 2 қараша күні мен ресми түрде мектепте болмаған кезде директордың міндетін атқарушы жұмыста болмағаным туралы хаттамалар жасаған. Мектеп директоры қазір еңбек демалысында. Нәтижесінде мен бап бойынша жұмыстан шығарылдым. Басты себеп – жалақы төленбеуіне байланысты түрлі органдарға шағымдануым. Мен заңсыз ештеңе істеп жатқан жоқпын. Мерекеде жалақымыз толық төленбегендіктен, мұғалімдер үшін әділдік іздедім. Бухгалтер жұмыс істеген уақытына ақы төлемейді. Шындығында ол мектепті өзі басқарады. 

Бухгалтер мен директордың міндетін атқарушы адам маған қарсы сөз байласуы мүмкін. Олардың бар ойы мені қорлау және кек алу. Қолымда рұқсат беретін құжаттардың барлығы бар. Олар бәрін әдейі жасап отыр. Мектеп мүлде бейберекет», — деді Наталья Дроздова.

Ата-аналар бұған дейін басшылық пен қалалық білім бөліміне арыз жазғандарын, мәселе шешілмесе, ғылым және жоғары білім министрлігіне хабарласпақ ниетте екенін айтты.

«Наталья Викторовна Дроздова  – барлығының сүйікті ұстазы, қаладағы құрметті адам және жұмыстан заңсыз шығарылған қарапайым әйел! Біз әділет орнағанын қалаймыз. Мұғалім –  мүгедек анасы мен екінші курс оқитын қызын асырап отырған отбасындағы жалғыз жұмыс істейтін адам. Ал ата-ана мен балалар үшін ол жай ғана мектеп қызметкері емес, 
біз шын жүректен жақсы көретін, құрметтейтін – абыройлы тұлға»,  – деді ата-аналар.

Ал Ақтау қалалық білім басқармасы мұғалімнің жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша Ақтау қалалық білім бөлімінде комиссия құрылды. Комиссия шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрықтың күші жойылып, мұғалімді жұмысқа қайта алу туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады қалалық білім бөлімі басқармасы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago