Оқиға

Ақтауда екі бала қандалаға қарсы дәріден уланып, көз жұмды

Ақтауда екі бала қандалаға қарсы дәріден уланып, көз жұмды. 

Жалпы бес адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде үш ересек пен екі бала бар. Пәтерден екі және бір жасар тағы екі баланың мәйіті табылған.

Полиция департаменті оқиғаны растады. Қайғылы оқиға көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабаттағы пәтерде болған.

Шақырту бойынша жедел-тергеу тобы әрекет етті. Пәтерден кәмелетке толмаған 2021 және 2022 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді,

делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, төменгі қабаттағы пәтердің иесі өз пәтеріне қандалаға қарсы дәрі сепкен.

Аталған факті Маңғыстау облысы бойынша ДП ҚР Қылмыстық кодексi 304-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген балалардың бірінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді. Дәрігерлер емдеу толық көлемде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago