Categories: Оқиға

Ақтауда судан спортшы қыздың денесі табылды

Ақтауда су каналы маңынан Валерия Шальнова есімді жас спортшының денесі табылды.

Inaktau.kz жазуынша, қыздың денесі 2 шілдеде таңғы сағат 8.00 шамасында табылған.

102 кезекшісінің пультіне көпірге жақын жерде, су қабылдайтын канал маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шақыру бойынша жедел-тергеу тобы шықты. Оқиға орнынан 21 жастағы қыздың мәйіті зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды,

деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Алайда қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан қыздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне бұған дейін бір емес, бірнеше рет қол көтерген оның жігіті кінәлі болуы мүмкін.

Кейбір мәліметке қарағанда, қыз қайтыс болған күні достарына қонаққа келуі керек болған, бірақ сол күйі келмеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago