Categories: Оқиға

Ақтауда сыныптастарымен демалуға барған қыз бала суға батып кетті

Ақтауда сыныптастарымен демалуға барған мектеп оқушысы Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды lada.kz агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий жағалауындағы туристерге суға түсуге тыйым салынған аумақта болған.

Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің 9-сыныпта оқитын 24 оқушысы оқу жылының аяқталуын атап өтуге демалуға барған.

Куәгерлердің айтуынша, бес жасөспірім суға түскен кезде бата бастаған. Артынша үшеуі судан өздері шыға алған, ал екеуін оқиға куәгерлері аман алып шығады. Алайда 2007 жылы туған қыз бала ауруханаға бара жатқан жолда көлікте көз жұмды.

Үш оқушы қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тағы бір оқушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Тоғызыншы сынып түлектері автобус жалдап, теңізге кеткен. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға түсті. Оқиға кезінде олардың қасында сынып жетекшісі болған. Соңғы қоңырауға дейін біз профилактикалық шаралап ұйымдастырып, оқушылардың табиғат аясына шығуына тыйым салынғаны туралы хабарлағанбыз, алайда мұғалім олардың қаладан шығуына рұқсат берген. Өрескел тәртіп бұзғаны үшін, сонымен қатар өз міндетіне салғырт қарағаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды,

деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago