Categories: Оқиға

Ақтауда педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақтауда бұрынғы әскери қызметкер 11 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның айтуынша, үкімді Астананың әскери соты шығарған.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің «Бірнеше рет зорлау», «Бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» және «Кәмелетке толмағандарға күш пен қысым көрсету» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Қоғам белсендісі атап өткендей, бұрынғы әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, химиялық кастрациялау жазасына кесілген.

Әкесі ажырасып, басқа әйелге үйленген. Ал қызын алып, жалдамалы пәтерде зорлаған. Қыз анасына айтудан қорыққан. Бірақ анасы мұны білген бойда арыз жазып, істі соңына жеткізуге күші аз екенін білсе де қайтпаған. Себебі ол әскери қызметкер және оның үш адвокаты болған. Осы істі дереу қолға алып, қиын өмірлік жағдайда отбасына қолдау көрсеткен Ажар Әбділге көп рахмет!,

деді Дина Таңсәрі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago