Categories: Қоғам

Ақтаудағы МӘМС қоры филиалының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтауда медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалының басшысы қамауға алынды. Ол 17 жарым миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп тіркелген, бірақ іс жүзінде бұл қызметтер көрсетілмеген. Бүгінгі күні күдікті адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр,

деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Ұсталған Руслан Бектібаев бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Оның тергеу изоляторына қамалғанына 2 ай болды.

Филиалдың бұрынғы директорына мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago