Ақтаудағы пәтердегі жарылыс: дәрігерлер әскери қызметкердің жағдайын айтты

Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері үйде белгісіз заттың жарылуынан зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер ер адамның жағдайы туралы айтты.

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәліметінше, әскери қызметкер 3 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне түскен.

Науқас сағат 13:28-де жеткізілді. Қабылдау кезінде ол барлық сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер жарақатқа шұғыл тексеру жүргізіп, сол қолды білекке дейін кесу туралы шешім қабылдады. Қазір ол травматология бөлімінде емделіп жатыр,

деп хабарлады ауруханада.

Жарылыс әскери қызметкердің пәтерінде болған.

Ақтау әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісі үйде белгісіз заттың жарылуынан жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді,

деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago