Панфилов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы – Алматының қақ ортасында орналасқан тұрғындардың сүйікті мекені. Бұл жердегі барлық орын таныс сияқты көрінеді. Алайда, тарихты парақтасақ, туристік орталықтың орнында бұрын әскери орталық, әскери шіркеу, кейін КСРО-ға кеңінен танылған гүлдер кешені болған.
Алматы Верный деп аталған уақытта бұл аудан «Казарма алаңы» деп аталды. Оның себебі жанында екінші Жетісу казак ат полкының казармалары орналасты. Қазіргі Астана алаңы (Ескі алаң) ол кезде Әскери-Соборлық деп аталып, жиындар өткізу үшін қолданылды.
1903 жылы Ресей Империясының әскери министрлігі әскери шіркеу тұрғызуға қаражат аударуға уәде берген (ашық дереккөздер бойынша, 44 мың рубль). Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысынан жоғары орналасқан жер теліміндегі жұмыс 1904 жылы басталды, ал 1906 жылдың қазан айында Верный гарнизон шіркеуі ашылды.
1912 жылы шіркеуге Әулие Алексий Митрополиттің аты беріліп, халық арасында Алексеев шіркеуі деп аталып кетті. Төңкерістен кейін ғибадатханада Орынбордан әкелінген аймақтық және дінге қарсы мұражайлардың экспозициялары орналастырылды. Алексеев шіркеуінің соңғы дін қызметшісі Алексий Марковский әке 1929 жылы тұтқындалды.
1930-жылдың басында бүкіл аудан қайта жөндеуден өткізіліп, мұнда Үкімет үйлері тұрғызыла бастады.
Ауқымды өзгеріс уақытында Алексеев шіркеуі де сүрілді. Оның орнына ҚазКСР Үкімет үйі тұрғызылды. Қазіргі таңда бұл ғимаратта Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы орналасқан. Бұрынғы казармаларға келсек, олар 1950-жылдың соңында жөндеуден өткізілді.
«Гүл алаңы»
Бөгенбай батыр көшесінің солтүстік жағында қазіргі таңда Төле биге төмен қарай кететін жерде және Астана алаңында гүлдер алаңы тұр. Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткіштері де осы жерде. Дегенмен бұл орынға Кеңес үкіметі тұсында басқа нысандар тұрғызылуы керек болған.
Тағы бір жаңа Үкімет үйін (қазір ҚБТУ), жанына граниттен жасалатын ауқымды амфитеатр кешенін жасау керек еді. Ол Ескі алаңның оңтүстік тұсында орналасады, жартылай доғал пішінде солтүстікке қарап тұруы тиіс еді.
Алайда амфитеатр сол күйі тұрғызылған жоқ. Оның орнына сквер жасап, гүлдер егіп тастады. Мекеннің адам танымастай болып өзгергені соншалық, алматылықтар бұл жерге «Гүлдер алаңы» деген атау берді.
«Сирень, скумпия, жасмин және басқа бұталар оның жолдарын қоршайды, ал олардың артында ирис, раушан, канна, қалампыр, хош иісті темекі және басқа да көптеген гүл өседі. Олардың жыл сайын 120 мың түрін отырғызады», — делінген 1959 жылы шыққан «Қазақстанның көрікті жерлері» атты анықтамада.
Осы жерде Владимир Лениннің де ескерткіші болған.
«Гүлдер алаңы» халықтың көңілінен шықты, адамдар бұл жерге демалып, естелік суреттерге түсу үшін келетін болды. Сол кездегі ҚазКСР астанасы бейнеленген ашықхаттарға алаңның суреттері басылды. Өйткені бұндай гүлдер алаңы кез келген жерде болған жоқ.
Күн қала, шуақпен шалқыған,
Көктемнің гүлдері аңқыған.
Жұлдыздар қол бұлғап жайнайды,
Арманның жүреміз артынан…
Осылайша мекен көптеген әнге арқау болып, өлеңге айналды.
Сондай-ақ, мұрағаттағы суреттердің бірінен Киров көшесінің бойындағы (Бөгенбай батыр көшесі) гүлзарларды көруге болады. Ал олардың артында Байланыс үйі тұр, мұнда қазіргі таңда Қазпоштаның бас қалалық бөлімшесі орналасқан.
Бөгенбай батыр – Панфилов қиылысынан сәл төмен тұста Алматының ең романтикалық мекені «Аққу» кафесі орналасты. Бұл тек жазда ғана жұмыс істейтін мекен болды. Осы жерде танымал адамдар, жазушылар, суретшілер, әртістер көп жүрген. Кездесуге арналған таптырмас мекен болған.
1990 жылы атақты кафе өртеніп кетті. Арнайылап өрт қойған деген болжам бар. Тірі аққулар жүзген мекенде тек ескерткіш қана тұр. Қаптаған гүл де сиреді.
Дегенмен қазіргі таңда Алматының жүрегінде орналасқан алаң өз көркін жоғалтқан жоқ. Алматылықтар үшін де, туристер үшін де маңызды орын болып қала бермек.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…