Қоғам

Қаңғыбас иттердің мәселесі шешілмейді

Ең әуелі Қаратау қаласындағы оқиғаға тереңірек үңілсек, 7 жасар баланы ит талап, бет-аузын, екі аяғын қатты жарақаттаған. Бала ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, балғынды ажалдан арашалап қалды, деп жазды Айқын ақпараттық агенттігі. 

Кейіннен белгілі болғаны, кәмелеттік жасқа толмаған бала үй ауласында байланып тұрған иттің қасына барып, ойнамақ болған көрінеді. «Сол кезде оны ит талаған» деген қорытындыны Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шығарды. Сол себепті баланың ата-анасына әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынған.  

Жарайды, бұл жағдайда баланы ата-анасы қараусыз қалдырды делік. Алайда Шу ауданында жуырда болған жағдай бүкіл облысты шулатты. «Тоғай» ықшамауданында  кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы қаңғыбас иттер талап, жасөспірім ауыр жарақатпен ауруханаға  түсті. Қансыраған қызды оқиға орнынан алып кетіп бара жатқандағы түсірілген видео талайдың ет жүрегін сыздатты. Дене жарақатынан ыңырсыған қыздың үні көргендердің көзіне жас үйірткені де рас. Кейін белгілі болғаны көшеде кетіп бара жатқан жасөспірімге бір топ ит шабуыл жасап, жабылып талаған екен. Бұл оқиғадан кейін Шу ауданына облыстан арнайы ветеринария саласының мамандары барып, рейдтік шаралар жүргізді. Алайда аудан тұрғындарының айтуынша, әлі де елді мекендерде адамдарға иттердің шабуылдауы болып тұрады екен. 

Биыл сегіз айда 2 333 адамды ит қабу дерегі тіркелсе, айына 291 адам төрт аяқты мақұлықтардан жапа шегіп жатыр деген сөз. Ал ит қапқан 1 108 жасөспірімді зердеге салсақ, онда айына 138 бала итке талануда. Бұл – әрине, алаңдайтын көрсеткіш. Егер айына таланып жатқан 138 баланы тағы 30 күнге шағатын болсақ, онда күнделікті кемі төрт бала қаңғыбас иттердің құрбанына айналып жатқанына көз жеткізуге болады.

Биылға жергілікті бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға, егу және зарарсыздандыруға қаражат бөлініп, 325 итке стерилизация және кастрация жасалыпты. 392 ит  «Таңба»  базасына енгізіліп, 270 ит табиғи мекендеу ортасына жіберілген.

Тағы бір айта кетерлігі, еліміздің «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»  Заңының 11-бабына сәйкес, биыл үй жануарларын есепке алу жұмыстары міндетті шара түрінде жүргізілуде. Чиптер, болюстер немесе басқа сәйкестендіру бұйымдары орнатылғаннан кейін жануар туралы мәліметтер «Kezekte.kz» порталы арқылы «Таңба» ақпараттық жүйесіне тегін енгізіледі. ЭЦҚ-кілт арқылы тіркеу жеке және заңды тұлғаларға шектеусіз қолжетімді. 

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жануардың иесі иелігіндегі жануарларын ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып, асырауға және ұстауға, есепке алуға, уақытылы вакцинация жасатуға, жануарына жауапкершілікпен қарауға және қатыгездік көрсетпеуге, басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе саулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге және тұқым алу қажет болмаса өз қаражатынан үй жануарларына кастрация немесе стерилизация жасатуға міндеттелген.

Жануарларға жауапсыздықпен қарап немесе қатыгездік көрсетілген жағдайларда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің» 407-1 бабына сәйкес, қылмыстық белгілері болмаса жеке тұлғаларға 5, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген.   Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл екі есеге ұлғайтылады.

Мамандар міндетті тіркеу шаралары үй жануарларын бақылауда ұстауға мүмкіндік тудыратындығына сенімді. Әрі бұл иттердің иелерінің де жауапкершілігін арттыратындығына үмітті. Бірақ мұндай заңнамалық нормалардан әзірге нәтиже шықпай жатқанын  статистика көрсетіп тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago