Categories: Қоғам

Ақылды жігіттер қандай қызды іздейді? Бойдақ жігіттің әңгімесі

Блогер, Түркия университетінің студенті Дастан Қастей қазіргі таңда бойдақ жігіттер қыздардан қандай қасиеттерді көргісі келетінін жазды. Айтуынша, “форумда, конференцияда жүретін жігіттерді ұстау керек” деген келіншектердің кеңестеріне ақылды жігіттердің де өз айтары бар.

Дастан Қастей көбіне ширақ, ақылды, еті тірі, интеллектуал жігіттермен дос екенін айтады және олардың дені үйленбеген.

Олар да өзі сияқты ақылды, әңгімесі жарасатын қызды іздейді,

дейді ол.

Сондықтан қыз балаларға өте білімді болуға кеңес береді. Өйткені, ертең балаға ананың потенциалы беріледі. Мықты азаматтар — мықты анасына тартқан ер-азаматтар. Сондай-ақ ер адамдар да ізденімпаз, жан-жақты адамдардан шабыт алады.

Блогер атам қазақтың тектілікке мән беруі бекер емес екенін еске салады. Бірақ ол қанмен ғана емес, тәрбиемен де келетінін алға тартады.

Осы жерде Айжан Хамит (Хамит Ерғалиевтің ұрпағы) Еңлік Ақдәулет (Мейірхан Ақдәулет ағамыздың ұрпағы) деген Текті әпкелеріміз бар. Текте бар дүние шығады. Сөздері қандай, өздері қандай… Расында, текті болуға ұмтылу керек,

деп жазды ол.

Айтуынша, қанша форумға, қанша телеграмм-арнаға тіркелсе де, ақылды жігіттер ақылды қыздарды бірден байқайды. Алайда, ақылды болу — білімді болу деген емес, дейді.

Білім деген не, білім жай ғана — информация. Біреуде көп, біреуде аз. Ақыл ше? Ақыл деген — парасат. Парасатты әрекеттер. Парасатты болмыс…

дейді ол.

Блогердің ойынша, сәтті жұптасудың ең басты критериі — қарапайымдылық. Әр қадамын айтып, Айналаға жар салмау. Ішкен-жегенінен көрсетіп, осында (желіге) ыстық-ыстық репортаждар жолдамау. Жұмбақ болу.

Жарым-жартылай өз өмірін жабық ұстаған, елге ақыл сауып, елді тәрбиелеуге тырыспайтын адамдар бақытты болады. Әлеуметтік желілердегі небір данышпандарды көріп кейде шошисың…

деп қорытындылады жазбасын Дастан Қастей.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago