Қоғам

Ағылшын тілін меңгеру рейтингінде Қазақстан көш соңында қалды

Ағылшын тілін меңгеру рейтингінде 2023 жылы Қазақстан 113 елдің арасында 104-орынға ие болды. ҚР көрсеткіші 415 балл. Осындай балл алған елдерде ағылшын тілін меңгеру өте төмен деп саналады.

ТМД елдерінің ішінде Тәжікстанда ғана жағдай біздікінен нашар.

Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер Нидерланд, Сингапур және Аустрия, ал ең нашар Конго Демократиялық Республикасы.

Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің арасынан Беларусь, Молдова, Ресей, Украина* және Армения ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерсе, Әзірбайжан мен Қырғызстан төмен деңгейде, Өзбекстан мен Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, өте төмен дәрежеде.

Рейтинг мәліметіне сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлері арасында ағылшын тілін ең жақсы меңгерген өңір Павлодар облысы: облыста 476 балл. Ең нашар көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: небәрі 335 балл. Еліміздің ірі қалалары арасынан Астана — 485, Ақтөбе — 450, Алматы — 438, Ақтау — 413, Тараз — 352, Шымкент — 347, Қарағанды — 343, Қызылорда — 337 балл алды.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, биыл қарашаның соңында Қазақстанда шет тілі курстары бір жылда 11,8% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең көп Жетісу өңірінде қымбаттады: бірден 60%. Одан кейін Алматы қаласы (25,9%), Қарағанды (20,1%), Қостанай (17,4%) және Атырау (16,1%) облыстары.

Шет тілі курстары ең аз қымбаттаған өңір Қызылорда облысы: 1,6%. Үш өңірде — Астана, Шымкент және Алматы облысында баға өткен жылдың қараша айындағы деңгейде қалды.

Биыл үшінші тоқсанда ҚР-да тіл курстарын қамтитын қосымша білім беру қызметі көлемі 10,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 5,2% көп.

Өңірлер бойынша мұндай қызмет ең көп саны Алматы қаласында көрсетілген: 3,4 млрд теңге, жылдық өсім 22,6%. Одан кейінгі орында Астана (3,4 млрд теңге, 20,2% азайған) және Атырау облысы (1,4 млрд теңге, 45,2% көбейген). Қосымша білім беру қызметі ең аз Жетісу облысында көрсетілді: 19,5 млн теңге — былтырғыдан 10% аз. Шығыс Қазақстан облысында бұл салада қызмет көрсетілмеген.

Саладағы жеке компаниялардың қызметі 6,1 млрд теңгені, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі 3,9 млрд теңгені, шетелдік компаниялардың қызметі 236,3 млн теңгені құрады. Шағын кәсіпорындар 7,9 млрд теңгенің, орта кәсіпкерлік 2 млрд теңгенің, ірі кәсіпорындар 353,9 млн теңгенің қызметтін көрсетті.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

2 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

2 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago