Автомобиль жолдары туралы заңның 5-2- бабына сәйкес кей санаттар ақылы автомобиль жолын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады.
Қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
Қала маңындағы қатынаста және ақылы автомобиль жолына іргелес елді мекендерде:
— кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдайтын автобустар;
— ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
— жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
— ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
Сондай-ақ Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.
Көрсетілген көліктердің мемлекеттік нөмірі жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі.
Ақылы жолдағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды.
Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санат өкілдері ҚазАвтоЖолға көлік мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.
Қазақстанда жалпы ұзындығы 3221 шақырым болатын 17 ақылы учаске бар.
Оның 11 учаскесі І техникалық санатта (2161 шақырым), ал 6 учаске (1060 шақырым) ІІ және ІІІ техникалық санатқа жатады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…