Елімізде ақылы жолдармен жүру құны, яғни тарифтері өзгертілмек.
Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Министр Қарабаев ақылы жолдардың құны 11 жыл бойы өзгермегенін атап өтті.
Өткен жылы 20 пайызға өсім болды. Біздің тарифтерімізді салыстырыңыз: егер Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге. Салық төлеушілер есебінен емес, «ҚазАвтоЖол» бюджеті есебінен болғанын қалайсыз ба? Одан кейін ақылы жолдардағы тарифтерді көтеру ғана қалады,
деді Қарабаев Сенат отырысында.
Бұл ретте ол бағаның күрт өзгеруі болмайды деп уәде берді.
Мен сізге шектеуді бірден айттым, кейде емес. Кейбіреулер: «Екі-үш еселейік» дейді. Мен бірден айтамын: «Екі немесе үш — бұл болмайды, бірақ пайызы болады». Біздің мамандар 1100 техника сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат кететінін есептеп шығуы керек. Әрине, мұның бәрін бірден ақылы түрге сала алмаймыз, бірте-бірте көреміз. Біраз қор көбейіп, шығынымыздың қай бөлігі жабылады, соған қарап шығарамыз,
деп түсіндірді Марат Қарабаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…