Categories: Әдебиет

Ақын Қойшығұл Жылқышиев қайтыс болды

Атырауда 75 жасқа қараған шағында қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды.

Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Әлия Дәулетбаева жеткізді:

Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті. Өмір деген осы екен. Бетімізден қақпадыңыз. Еркелігімізді көтердіңіз. Қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой. Алла алдыңыздан жарылғасын, аға,

делінген ол жазбада.

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 

1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. Республикалық «Махамбет» қорының тетепрезиденті. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры.

«Тұңғыш» (1978), «Мұңкітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы.

М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған (1996). 

«Тамаша» ойынсауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген. Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago