Жаңа жыл келе салысымен елде бас салып, бес министр ауыстырылды. Креслосынан қағылғандардың бірі де бірегейі – мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Ауыздан авария жасайтын қасиеті бар адам еді. Бойында күші көп, турникке тартылғанын көргенде, тамсанасыз.
Шетелде оқыған. Соңғы 20 жылдан бері қазақ билігінің бас жағында жүрген бетке ұстардың бірі. Президент әкімшілігін басқарды, тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы да болды. Ақпарат министрі болып, елді біраз шулатты. Мәдениет министрі болып та талай дауға себеп болды. Соңғы рет «Еуразия» кинофестивалін өткізуге 441 миллион теңге жұмсамақ болғаны үшін біраз сынға ұшыраған.
Қысқасы, Қазақстанның ішкі саясатындағы соңғы 20 жылдағы жетістіктері мен жексұрын тірліктеріне жауаптылардың бірі осы Абаев. Баспасөзде Абаевты сынайтын дүние жарияланса, Абаевтың әлгі дүниені алғызып тастайтын құдіреті бар екені де белгілі. «Кешіріңіз, бет табылмады», деп қарап тұрады Абаевқа абайсызда тілі тиіп кеткен кей сайттар.
Әрине, Абаевта ақша бар. Ендеше, ол ауылға неге кетпей жүр? Ауылдан жер алып, фазенда ұстап, ферма құрып… Табиғат аясында, таза ауада, аң атып, балық аулап? Талай қазақтың қолы жетпей жүрген арманы осы ғой?
Тағы бір жерге тағайындалған Дәукеңнің емес, ауылда тұратын ірі фермер Абаевтың қазаққа пайдасы молырақ болар ма еді?
Ақылымызды тыңдаса, егер…
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…