Абай облысында балабақша есепшісі  2,5 млн теңге жымқырды

Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн  теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударып алды.

Белгілі болғандай, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған.

“Onlinebank HALYK” бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған.

Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген.

Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан есепші балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді.

Сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды.

Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago