Categories: Қоғам

Абай облысында орман өртінен қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

ҚР ТЖМ Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметін таратты. Іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Абай ауданындағы өртте қаза тапқан орманшылардың суреттерін жариялады. 

8 маусым күні сағат 22.00-де біз “Семей Орманы” МОТР-ның Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусым күні сағат 13.00-де бізге үш мәйіттің табылғаны туралы хабарланды. Біз ғажайыпқа сендік, бірақ ол орындалмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды,

деп жазды министр өз жазбасында.

​​Қаза тапқандардың тізімі:

  1. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (33 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының басшысы.
  2. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (27 жаста) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері.
  3. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (58 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының жүргізушісі.
  4. Губаев Алексей Григорьевич (30 жаста)-орман шебері — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  5. Фоминов Максим Владимирович (25 жаста) — аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  6. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (50 жаста) — аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  7. Начинёнов Константин Сергеевич (40 жаста)- аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  8. Сидорин Виктор Александрович (63 жаста) — аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  9. Сидорин Александр Викторович (39 жаста) — аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор — «Семей орманы» МОТР» РМ Новошульба филиалы Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы.
  10. Пузырев Николай Иванович (54 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.
  11. Пузырев Сергей Николаевич (30 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының орман өрт сөндірушісі.
  12. Гражданкин Петр Александрович (51 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының орман өрт сөндірушісі.
  13. Дарибаев Александр Викторович (48 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Жернов орманшылығының тракторшы — машинисі.
  14. Ганьшин Даниил Евгеньевич (41 жаста) — «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago