Оқиға

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберген

Абай облысы Ақсуат ауданында сіріңкемен ойнаған балалар абайсызда 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Telegram-дағы дағы ҚР ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болған.

Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтаған. «Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда шөпті өртеп жіберген. Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері өтеуі керек,

деп хабарлады ведомстводан.

ІІМ бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын мәлім етті.

Егер балалар қараусыз қалып, салдарынан өрттен біреуге зиян келген болса, онда бұл үшін ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн,

деп ескертті полицейлер.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago