Оқиға

Абай облысында жоғалып кеткен ер адам 3 апта бойы құлдықта болған

Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен психикалық ауытқушылығы бар адам табылды.

Анықталғандай, ол осы уақытқа дейін құлдықта болған, деп хабарлайды Kazinform. 

Полицияға хабарласқан әйел 50 жастағы ағасының хабар-ошарсыз кеткенін айтып, көмек сұрады.

Ер адамның психикалық ауытқушылығы бар. Тәртіп сақшылары дереу оны іздестіруге көшті.

Соның нәтижесінде, полиция қызметкерлері жоғалған азаматты тапты. Ер адам Семей қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында құлдықта болған. Оны алдап, байланыс құралдарын тартып алып, алып кеткен екі күдікті ұсталды,

деп жазды Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жәбірленуші үш апта бойы үй шаруашылығындағы жұмыстарға жегілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 128-бабымен (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago