Білім

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары нықтай түсті. Бұл мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді.

Корея Республикасының Сеул қаласындағы Korea университетінде Азиядағы жоғары білім ордалары үшін аса әлеуетті «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммитінің өтіп жатқанына бүгін үшінші күн. Осы салтанатты жиын барысында Абай университеті QS Stars жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, Қазақстан жоғары оқу орындарына үлкен серпіліс әкелді. Бұл мәртебелі атақ – «5 Stars» үздік белгісі университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін беріліп отыр.

QS Stars рейтингі – жоғары оқу орындарын оқыту сапасы, ғылыми зерттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тиімділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша кешенді бағалайтын халықаралық жүйе. Бұл бағалау әр университеттің бірегей артықшылықтарын айқындап, олардың жаһандық білім кеңістігіндегі орнын көрсетеді.

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілепке салтанатты түрде табыс етілді. Онда QS Stars жүйесі бойынша аудиттен сәтті өткен және жоғары нәтижелерге қол жеткізген Азияның үздік университеттері аталды.

Университеттің кешенді аудиттен өтуі біздің мықты және әлсіз тұстарымызды айқындауға әрі даму бағыттарымызды нақтылауға мүмкіндік берді. Ал «Бес Жұлдыз» рейтингі – халықаралық деңгейде бүкіл ұжымымыздың жүйелі, мақсатты және қажырлы еңбегінің мойындалуының айқын дәлелі», – деді ректор.

Осылайша, Абай университеті «Болашақ жоғары білім» саммитінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның жоғары білім саласының сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммиті.

Естеріңізге сала кетейік, білім берудегі жаңа технологиялар, демографиялық өзгерістер және Азия университеттерінің тәжірибесі биылғы саммиттің басты тақырыбына айналды. Панельдік сессияларда стратегиялық ынтымақтастық негізі тренд ретінде қаралды. Халықаралық басқосу қазіргі университеттер үшін географиялық орналасу немесе елдің экономикалық даму деңгейі басты нәрсе емес екені айқындап, ғаламдық академиялық қауымдастықты біріктіретін стратегиялық әріптестік желілері мен оларды дамыту маңызды екенін көрсетті.

Фото: Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

6 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

12 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

12 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago