Абайдың туған күні 9 күн тойланады

Биыл құрылған Абай облысы Абай Құнанбайұлының туған күнін тойлайды. Шаралар 8 тамыздан басталып, 17 тамызға дейін созылады.

Облыс ақынның туған күнін 9 күн тойлауды жоспарлап отыр.

Мерекелік шаралар кестесін ұсынамыз:

8 тамыз, сағат 15.00. Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында қос музейдің бірлескен «Ұлылар үндескенде» (вернисаж) көрмесі ашылады.

9 тамыз, сағат 10.00. Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Барлық даналық кітапта» атты әдеби экспозициялар топтамасы өтеді.

10 тамыз, сағат 11.30. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» гастрольдік сапары Семейде басталады. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» деген дөңгелек үстел өтеді. Оған қоса, «Ұлы дала – Ұлы Абай» гала-концерті жоспарланған.

11 тамыз, сағат 17.00. Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Жас Абай» қойылымы көрсетіледі.

12 тамыз. Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абайдың ақындық мектебі және Сапарғали Әлімбетов», «Тәңірберген Әміренов – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы» дәрістері өтіп, «Семей десе Абай деп қарайды адам…» деген көрме ашылады.

13 тамыз. Достоевский атындағы драма театрында «Қара сөздер» поэтикалық қойылымы көрсетіледі.

14 тамыз. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Ұлылар үндескенде» көрмесіне экскурсия өткізіледі:

  • сағат 12.00-де – қазақ тілінде;
  • сағат 14.00-де – орыс тілінде.

15 тамыз. «Дариға-ай» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Ғажайып трагедиясы» спектаклін қояды.

16 тамыз. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда Абай өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс өтеді.

17 тамыз. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның «Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген концерті өтеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago