Categories: Галерея

Аборт жайлы бейнебаян түсірген Мирас Жүгінісов сынның астында қалды

Жаңа әнінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін қозғаған Мирас Жүгінісовты желі қолданушылар сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас әншінің жақында “Жанамын” атты әні шығып, оған бейнебаян түсірілді. Ол қазіргі қоғамдағы қыз-келіншектердің ауыр тағдырын астарлап, ән арқылы жеткізген.

“Аборт жасау — қазіргі таңда қоғамды маңызды мәселе. Бұл бейнебаянда «Мүмкін сол бала елімізге пайдасы тиетін бала болар ма еді?!» деген оймен осы мәселені қозғадық. Ән адамның ішкі жан дүниесіндегі күрес жайында. Ашуға беріліп, қате шешім қабылдап қоймаңыздар”,

деп жазды ол.

Алайда өнер иесінің бұл жазбасы көп қыздарға ұнамаған көрінеді.

“Аборт” жайлы айтатындай Мирас әйел адам емес. Оның үстіне, өзі әлі отбасын құрмаған, бала өсіріп көрмеген”, “Мұндай тақырыпты қозғау үшін, кем дегенде медициналық білім керек”, “Аборт өлім емес, аборт — таңдау”, “ Біреудің күнәсін біреу арқаламайды”, “Аборт жасатпа” деп айту оңай”, “Бұл қыздарға деген нағыз қысым емес пе?”,

деп әншінің ойымен келіспейтіндерін жеткізді.

Екі ай бұрын жарыққа шыққан бейнебаян бір миллионнан астам қаралым жинаған. 

Әнші Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында қыздардың түсік жасатуына түбегейлі қарсы екенін ашық айтты. 

“Әр адам бұл өмірді сүруге лайық. Құрсақтағы бала үшін шешім қабылдау – әділетсіздік. Некесіз қатынасқа түсу бір, кейін құрсаққа біткен баланы алдырып тастау екінші күнә”,

деді Мирас.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago