Спорт

Абсурд. Жалмауыздар. Қор болған қазақ футболы

Күні кеше Қазақстанның қысқы кубогы өтті. Оны Түркияның Белек қаласында ұйымдастырды. Қала болғанда, жердің бір жері ол. Яғни, еліміздің 4 командасы маң далаға барып, өздерімен өздері ойнап жүр.

Осыған байланысты спорт журналисі Аслан Қаженов «не абсурд мынау?» деп басын шайқап отыр:

Керемет бір стадионда доп тебетін шығар деп ойлағам. Жоқ. Қарапайым кішігірім алаң. Жанкүйер жоқ. Футболшылардың бір-біріне айтқаны жаңғырық боп естіліп жатыр. Бірі жеңді, бірі жеңілді. Соған мәз. Оның бәрін не үшін немесе кім үшін істеп жатсыздар? Қазақстандық клубтар, жалпы, Қазақстанның кубогы ана жақта кімге керек?

Аргументтерін де естідім. Мәселен, Испанияның кубогы Еуропада емес, Азияның бір қаласында өтеді деген мысалдарды айтады. Бл*, біз Испания емеспіз ғой. Иә, «Барселона» мен «Реалдың» ойынына әлем жанкүйерлері ағылады. Ондай матчты қабылдауға қалалар таласып, тіпті, қыруар қаржы төлеуге де дайын. Ал, енді «Ордабасы» мен «Тобылдың» матчына кім келеді? «Ордабасы» мен «Тобылдың» матчы кімге керек?

Әй, керісінше, өзіміздің елде өткізбейсіз бе?! Анадай алаң бізде де табылады ғой. Қостанайда жабық үлгісі бар, Шымкентте ашық үлгісі бар. Алматыдағы орталық стадион тұр.

Одан да керемет идея айтайын.

Қазақстан кубогын ауылдардың біріне ұйымдастырайық. Дәл сондай инфрақұрылым шағын елді-мекендерде де кездеседі. Соның тәуірлеуін таңдап, аладоп аламанын жасасаңыз, жергілікті тұрғындар үшін, әсіресе, ауыл балалары үшін кәдімгідей мереке болар еді.

Футбол мерекесі.

Осынша шүйлігіп отырғаным, сол командалар ақшаны облыстық бюджеттен алады. Яғни, халықтың ақшасы. Халықтың аузынан жырып алынған ақша. Соған айдалада өздерімен өздері доп теуіп, Қазақстан Кубогын сарапқа салғаны қалай? Енді дәл солай наурыз айында Қазақстан Суперкубогы да Түркияда өткізілмек. Мысалы, Африка елдері біздің «Астана Аренада» өздерінің чемпионатын жасап жатқан сияқты ғой.

Тағы бір абсурд.

Біздің клубтарда легионер қаптап жүр. Биыл оларға қойылатын шектеуді алып тастап, тіптен, санын арттырып жатырмыз. Сәйкесінше, олар әлгі бюджеттің біраз бөлігін жалмайды. Сонда біз шетелден қаптаған ойыншы сатып алып, шетелге апарып ойнатып жүрміз.

Шешесіне рахмет бұндай кубоктың. Қор болған қазақ футболы-ай
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago