Categories: Қоғам

Адал қазақ Мәндібек. Әкім қазақ Нұрлыбек

Ескі Қазақстанның ескі ауруы еді бұл. Енді жаңа Қазақстан да провокация жасап, бір журналистің аузын жабайын деп жанталасып жатыр екен.

«Айтпайын деп едім, ақыры айтқызды. Кешеден бері маған ақша ұсынып, постты өшір деген талай қоңырау шалынды. Олардың ішінде билікте жүрген біраз жігіттер де бар. Әзірге аттарын атамауды жөн көрдім»,

дейді өзінің адалдығы мен шыншылдығы үшін Қазақстан билігіне ұнамай жүрген журналист Ербол Мәндібек.

Әкімнің (Нұрлыбек Нәлібаев) абыройын ойлап, түрлі құйтырқылық жасап жүргендерге айтарым, текке тыраштанбаңдар. Арнайы қызметтің алтауын қоссаңдар да менің адалдығымды жеңе алмайсыңдар! Өзім қойған сұрақтарға жауап алмайынша алған бетімнен қайтпаймын.

«Жаңа Қазақстан құрамыз деп өздерің айтасыңдар, ал істеп жүргендерің мынау» деп, бір ауыз сөзбен түсіндірдім. Ереке, бір өтініш деп қыздай қиылған таныстардың түгел бетін қайтардым. Өйткені, әділдік үшін басталған істі мықты ұстаным ғана аяқтайтыны белгілі.

Енді бүгін провокация жасауға көшті. Мені танитын Торғайдың жігіттеріне және таныс-жоралардың барлығына шығыпты. Олардың барлығына ескертіп айттым, «ешқандай провокацияға алданып қалмаңыздар, деп.

Мен, дәл осы мәселе бойынша жазған посттарымды өшірмеймін. Мақсатым халықтың ашуын туғызған әкімнің аста-төк тойына қатысты ашық әрі әділ жауап алу. Егер біздің азаматтық қоғам әкімдер мен министрлерді жүгенсіз жіберетін болса, онда елдің ертеңі де бұлыңғыр болмақ.

Соңғы 3-4 күн ішінде Президенттің және Премьер-Министрдің атына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тың ұлының аста-төк тойына байланысты үндеу де, хат та жолдадым. Бірақ, солардың барлығы орта жолдан «жоғалып» кетіп жатқан сияқты. Өйткені, әкімнің имиджін ойлап басы қатып жүрген адамдар бүкіл «связдарын» қосып тырысып бағуда. Әйтпесе, ендігі Президент әкімшілігінен жауап келетін болды. Аида Балаева ханым, осы мәселені тиісті назарға алсаңыз.

Жаңа Қазақстанды билік емес, бірінші кезекте Сіз бен Біз құрамыз. Олай болса осы мәселені бәріміз бірігіп соңына дейін жеткізейік. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдына шығып 113 миллионға өткізген тойы туралы ақпаратқа түсініктеме берсін,

дейді Ербол Мәндібек.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago