Маңызды

Адам ағзасын сататын «акула» саудагерлердің артында кім тұр?

Қара базарда, интернетте бір бүйректің бағасы 80000 доллар тұрады деп ашық жазылып жатқан заманда, адамды ұрлап әкетіп бөлшектей салады. Біз адам органынын рұқсатсыз алуға болады деген заңды қайта қарауымыз керек!

Осыдан екі жыл бұрын адам ағзасын сататын “қара базарды” анықтау керек деп заңгер Айгүл Орынбек дабыл қаққан.

Сол уақытта көптеген адам қарсы шығып, тіпті айтқан уәждеріне сенбей, ауыр сөздер де жазған.

Адам органын рұқсатсыз алатын заңға да қарсы шыққан. Себебі, адамдардың белгісіз ізім-қайым жоғалуы, ұрлануы, “сауданың көкесі” сонда болатынын айтып, шырылдаған.

Ал енді адамдарды малша бауыздап, дене мүшелерін бөлшектеп тұрып сатудың обалы кімге?

Әттең! Тыңдарға — құлақ, көретін — көз болмады!

Енді кеп, жерден жеті қоян тапқандай “бұл қылмыс әшкереленді” дейді.

Бізде қылмысқа тікелей жол беретін Заңды шығара салады да, содан кейін сонымен кеп күреседі.

Ірі шенеуніктер миллиондар мен миллардтаған “пайдаға” бататын болған соң, бұл Заң іске қосылды, қолданысқа енді.

Бұлардың артында — алпауыт “біреулер” тұр!

Обалдан да, Құдайдан да қорықпайтындарды біртіндеп тұрып қамайтын уақыт жеткенімен, әлі де “акула-саудагерлер” ұсталмай отырғаны — Қазақстандағы құзырлы органдардың “бет-бейнесін” және “көлегейлі бизнестері” мен жұмыс көрсеткіштерінің көтерілмеуінің нақ себебін әшкерелейді,

деп жазды заңгер парақшасында.

18 қазанда адам ағзасын сатумен айланысып келген 22 адам ұсталды. Қылмыстық істі ұйымдастырушылардың арасында дәрігер, нотариус қызметкерлері мен донорлар болған.

Күдіктілер реципиенттер мен донорларды іздеп тапқан. Олар жалған құжаттарды ресімдеп,  ішкі органдардың трансплантациясы бойынша  жұмыстарды өзара бөліскен.

Ағзаға мұқтаж адамдардың берген сомасы 6-10 миллион теңгені құраған.

Еске сала кетейік, 2021 жылы бөлшектеп тастаған 19 жасар Аяжан Еділованың денесі табылды. Сол кезде заңгер дабыл қағып, Аяжанның өлімінен сабақ алуды сұраған.

Дені сау қызды шақырып алып, бөлшектеп тастаған жігітті тек ауытқуы бар деп көрсете салуы әбден мүмкін, бірақ мен сенбеймін! Ол дәрігер мамандығын оқыған, маман! Бұл жігіт бір мүдделі топқа жұмыс жасауы әбден мүмкін. Адам органдары тікелей сатылмасада,қара базар арқылы сатылады.

Мен мұндай тұжырымға қайдан келдім, қыздың ағасының сұқбатын қайта -қайта көріп шықтым. “Ол жерде басқа адамның денесі болды, нақты қайсы екенін анықтай алмай жатыр”,деп айтты! Яғни бұл жігіт бұдан бөлек қанша адамды сойып, бөлшектеп, керек органдарын алып, басын қайнатып жүруі әбден мүмкін ғой, дұрыс па?

Полиция соңғы кездерде еш хабарсыз жоғалып табылмағандарға да назар аудару керек,

деп жазған еді заңгер 2021 жылы Facebook -тағы парақшасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago