Categories: Қоғам

Адам басына 6 млн теңге: Қазақстандықтар шетелде құлдыққа түсіп жатыр

Соңғы кездері Таиланд пен Мьянма шекарасында орналасқан Алтын үшбұрыш деген аумақта Қазақстан азаматтары жұмыс құлдығына түсіп жатыр. Қанша ақпарат таратсақ та, баруды қоймай жатыр. Осы жылғы ақпаратқа сәйкес, 5 адам сол жерде қалды.

Сәуірдің ортасында бір жігіт Таиландтағы консулға хабарласып «менің жанымда төрт адам бар, құлдықта отырмыз, көмек керек» деп хабарласқан. Бұл жағдайлар бұрын болғандықтан, консулдың тәжірибесі бар. Консул оларға кеңес берді.

Компанияның аумағы шекараның жанында кішігірім өзен бар. Қазақ жігіттері сол өзенді жүзіп, Таиландтың шекарасына өтуі керек болған. Бірақ олар қашуларына жарты сағат қалғанда консулға хабарласқан. Консул Бангоктан ол жерге 7-8 сағат көлікпен жетуі керек. Ол әрине, үлгермейді.

Жігіттер компания аумағынан шыққанда, олардың соңына компания өкілдері түскен. Төртеуі жүзіп үлгерген, біреуі жағада қалып қойған. Төртеуіне қуып жете алмаған. Олар консулға хабарласқан. Олар қазір Бангокта 3-4 күнде елге қайтады. Олар Таиландтың миграциялық заңын бұзғаны үшін сотқа тартылды. Депортация жасалады. Елшіліктің араласуымен олар айыппұлдан босатылды.

Ал қалып қойған бір азаматпен бір аптадан бері байланыс болмаған.

Компанияның қызметшілерімен байланыс орнаттық. Бірақ олар әлі дұрыс жауап бермеді. Компания бір азаматқа 6 млн теңге сұраған. Жігіттер ондай ақша болмаған соң, қашқан. Олар IT компаниясында жұмыс істеуге барған,

деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago