Қоғам

«Адам басына 60 мың теңге». Шетелдіктер хостелден шыққан өрт туралы айтты

Алматыдағы өрт шыққан хостелде шетелдіктер тұрған.

Шетелден келген студенттер Massaget.kz тілшісіне оқиға туралы айтып берді.

Ахмед Абдулуахед Ахмед Абдо мен Ахмед Фаиз Ахмед әл-Гобай — Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенттері. Олар биыл Йеменнен келген.

Біз Йеменнен келдік. Қазір Қазақ ұлттық университетінде медицина факультетінде оқимыз. Хостелде 1-қабатта тұрдық. Таңғы 5-те шу басталды. Түтін көтерілді, адамдар айқайлап, шулап жатты. Терезелер ашылмады, біз күртемізді алып сыртқа шықтық. Көп адам қаза тапты. Біздің досымыз матрацтың кесірінен дейді. Бізге ыңғайлы болған, өйткені хостелде таза болатын. Бір адамға 60 мың теңге төлейтінбіз,

дейді олар.

Ал 22 жастағы Йемен азаматы Фоаз Хейдера бұл хостелде тұрмайды, алайда мұнда басқа достары тұрып жатқан. Ол бүгін досы хабарласып, өрт шыққанын айтты.

Мен бұл жерге кеше кешкі 11-де келдім. Йемен азаматтары, студенттер, бұл жерге 3 күн бұрын келді. Келгенде газдың иісі байқалмады. Таңғы 6-те досым хабарласып, жағдайды айтты. Кейін досымды полиция алып кеткенін білдім, қазір оның жағдайы жақсы,

дейді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago