Дін

Адам өлетінін алдын ала сезе ме?

Елімізге белгілі шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай Dulat Tastekey ютуб арнасына берген сұхбатында өлімге адамның дайын болатынын айтты.

Айтуынша, адам өз өлімін сезеді екен. Бұндай мысалдар да жетерлік көрінеді. 

Бір мысал айтайын. Әкесі тапа-тал түсте шықты да, қызым мен сапарға аттанамын, жолға шығамын. Құманға су жылыт деді дейді. Қызы таңғалып “жасы 85-ке келгенде қайда барайын деп тұр” деп ойлапты. Қай жаққа барасыз әке дегенде: көп сөйлеме, құманды жылыт деп айтыпты. Құманды жылытып әкеліпті. Жақсылап жуынып, дәрет алыпты. Тың дейді, аяқ-қолдары сыртылдап тұр. Күйеубаланы шақыр депті. Шақырыпты. Төсек сал депті, салыпты. Төсекке жатыпты да, күйеубаласын отырғызып қойып, ал, Бәленше күйеубала мен саған ырзамын. Жалғыз қызымды алдың, бақтың-қақтың. Қызым, күйеубаланың жағасы кірлемесін, қарны аш болмасын, депті. Сосын кәлимасын айтып, қайтыс болыпты,

дейді Санжар Керімбай.

Желі қолданушылары да бұндай жағдайдың өз бастарынан өткенін айтты.

Алла аламын десе, ән айтып отырсаң да алады. Өз басымнан өтті. Ән айтып жатып, әппақ, жеп-жеңіл болып, ешқашан сезбеген керемет жеңілдікті сезіндім. Жанып тұрған әппақ мешіт, шексіз әлем, сол мешіттің құстай ұшып ене бердім. Жаным жеңілдікті сезінгенімен, ойымда құндақтағы балам маза бермеді. Алла, ең болмаса балам өз-өзіне келгенше өмір бер! Мен болмасам, бұл бала кімге керек деп жүрекпен жалбарындым. Тіл жоқ, жүрек сайрап тұр. Мен Алланың естіп тұрғанына жүз пайыз сенімді болдым. Ұзақ жалына бердім, осымен кеттім-ау деген оймен тілімді кәлимаға келтіріп, қанша рет айтқанымды білмеймін, өлеңдетіп айта бердім. Бір кезде қайтадан құлақ шыңылдағандай, дем таусылғандай қысылып, денем ауырлықты сезді. Жайлап көзімді ашсам, балам жылап қалған. Дәрігер әбден әбігер болған, айналам адам. Айналамдағылар Аллаға шексіз сеніміңнің арқасында қалдың-ау, үш рет кәлимаңды айтып, көзіңді аштың деді,

деп жазды желі қолданушысы.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago