Фото: ашық дереккөзден
Ғалымдар жүргізген зерттеу адамдар 30 жастан асқан соң ғана есейетінін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ladbible басылымына сілтеме жасап.
Нейробиолог мамандардың пікірінше, 18 жастағы адам толыққанды ересек адам емес, өйткені оның миы осы жастан кейін де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.
Кембридж университетінің профессоры Питер Джонстың BBC-ге баяндауынша, балалық шақтан ересек өмірге өту біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі.
Джонс және оның әріптестері өз зерттеулерінде 14 пен 24 жас аралығындағы 297 еріктінің миын бақылау үшін МРТ қолданып, сол арқылы 18 жастан кейін мидың әлі де дамып жетілетінін анықтады.
Джонстың шамалауынша, жасөспірімдерге «ересек» ретінде қарау әлеуметтік себептермен ғана «ыңғайлы». Дегенмен, ол тәжірибелі қылмыстық судьялар 19 жастағы сотталушы мен 30 жастан асқан қылмыскер арасындағы айырмашылықты түсінетінін айтты.
Балалық шақ, одан кейін бірден ересектік деген ұғым жоқ. Адамдар қозғалыста, олар траекторияда,
деді ол.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…