Categories: Қоғам

Адамдар заңнан да, Құдайдан да қорықпайтын заман туды

Адамдар заңнан да, Құдайдан да қорықпайтын болған. Құрбан айт күні Құранды әдейі өртегендер өз алдына бөлек әңгіме. Ал мынау тіпті жаға ұстатады.

Жақында әлеуметтік желіде видео тарады. 120 қазақстандық қажылыққа аттанған екен. Оларды жіберген Zam-Zam Qazaqstan компаниясы жалған құжат жасап, өздеріне ақша өндіріп алған. Әрқайсысы 1 миллионнан кем емес қаражат салған. Сауд Арабиясына жеткен қазақстандықтарды полиция ұстап, 1,5 күн қамауда ұстаған. Барар жері жоқ халық видео арқылы көмек сұрауға мәжбүр.

Қазір алданған отандастарға Сыртқы істер министрлігі көмек көрсетеді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізіп, онда Zam-Zam Qazaqstan туркомпаниясына алданып қажылыққа аттанған қазақстандықтарға көмек көсертіп, кінәлілерді жазалауды тапсырды.

Жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді, кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар.

Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Zam-Zam Qazaqstan компаниясының қолдан жалған виза жасатып, далада қалдырған қазақстандықтардың мүддесін қорғауға күш салып жатыр. Zam-Zam Qazaqstan туркомпаниясының үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірді.

Қазір қажылыққа заңсыз жолмен барған қазақстандықтар Меккедегі Terra Gaza қонақ үйіне орналастырылған. Қажылық миссиясының өкілдері оларға медициналық қызмет көрсетіп, мәселені жан-жақты талқылған.

Мүфтият бұған дейін Zam-Zam Qazaqstan компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет дабыл қағып, мәлімдеме жариялаған болатын. Сонымен қатар мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген,

делінген ҚМДБ хабарламасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago