Categories: Қоғам

«Адамдардың қиналғанын көру оңай емес»: Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы жұмыстары туралы айтты

Түркиядағы зілзаладан қираған үйінділерді аршумен айналысқан құтқарушылар өз тәжірибелеріндегі ең ауыр іссапар туралы айтып берді. Оларға үйінді астынан өлі табылғандардың туыстарының көзіне тіке қарау тым қиын болыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір Түркия мен Сириядағы жерсілкінісінен қаза тапқандар саны 47 мыңға таяп қалды.

Қарағандылық құтқарушылар Түркияның Нұрдағы қаласында 12 күн болды. Осы аралықта атқарылған жұмысты әр күнге бөлу қиын дейді. Өйткені арасында ғана қалғып кетіп, көз шырымын алғандарға осы 12 тәулік бір күндей өткен.

Алты қабатты үйдің үйіндісі астынан анасы мен қызын құтқару сәті есте қалыпты. Үйдің жертөлесінде 93 сағат бойы тапжылмай отырған оларға арнайы ұңғыма жасап жеткенде, олар ең алдымен су сұрапты. Іздестіру жұмысы күні-түні тоқтаусыз жүрген. Ал құтқарушылармен бірге жұмыс істеген екі иісшіл ит көбіне өлі дене табуға көмектескен. Ауыр жағдайға психологиялық тұрғыдан қанша даяр болсақ та, қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді дейді құтқарушылар. 

Робот емеспіз, әрине, қиын болды. Адамдардың қиналғанын көру оңай емес. Олар бізге үмітпен қарап, мыналар біздің туыстарымзды тірі табады деген оймен жалтақтайды. Мысалы, ағасының денесін тапқан кезде балалардың жылауы мен үшін қиынға соқты. Қарап тұрсаңыздар әкесі емес, ағасы. Бірақ сонда да балалардың жүрегі ауырып, көздеріне жас алып тұрды,

дейді Қарағанды облысы апат медицинасы орталығының дәрігері Алмагүл Ардабекова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago