Categories: Экономика

Адамзат алдағы уақытта су үшін соғысады

Астананың кей ауданында су жетіспеушілігі бар.

«Негізі су мәселесі біздің еліміз үшін алдағы таңда өте өзекті, басты мәселе болады», деп ескертеді белгілі блогер Асхат Қасенғали. Рас, еліміздегі Іле, Ертіс, Сырдария, Шу, Талас, Жайық және басқа ірі өзендердің барлығы дерлік бастауын басқа елден алады.

Мемлекетке тұтас су саясатын қайта қарау керек

«Суды үнемдеуге қатысты тың шаралар қажет» деп, автор мынадай ұсыныстар айтады:

  • Балаларды суды үнемдеу мәдениетіне балабақша/мектептен үйрету керек.
  • Ауыл шаруашылығында тамшылату сынды суды аз қажет ететін технологияларды енгізуде мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуі маңызды.
  • Су сақтау қоймаларының санын арттыру, қыстағы қар суын жүйелі жинау әрекеттері іске асуы тиіс.

Бұл іске асуға тиіс шаралардың бір сыпырасы ғана.

Өткенде Иран мен тәлібтер Гильменд өзені үшін атысып-шабысты. Тәлібтер су қоймасын салып жатыр, ол Ирандағы су тапшылығын арттырады. Демек, болашақта қақтығыс жаңа қарқынмен жандануы мүмкін.

Ал бізде ше?

Тәжікстан да су қоймаларын салуда. Ол Орталық Азиядағы су мәселесін күрделендіреді. Қытай Шығыс Түркістанда су бөгеттерін салуда. Бұл біздің аумағымыздағы Іле пен Ертістің су деңгейін түсіруде. Дәл осындай көрініс оңтүстікте де, батыста да бар. Алдыңғы онжылдықта су үшін көршілес елдермен күрделі келіссөздер өтеді деген сөз.

Еуропа халқы пайдаланған суын бірнеше мәрте қолданады дегенді естіп өстік қой. Арасында күлдік те. Сондай кезеңге өзіміз де ақырындап жақындап қалғандаймыз ба, қалай?

Адамзат қазір мұнай/газ үшін қырқысса, алда су үшін соғысады. Көріністері қазірдің өзінде бар.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago