Categories: Экономика

АЭС-тің құны: мәңгілік шығын ба?

Атом электр станцияларының жұмыс істеу тарихы олардың экономикалық мақсатта қажеттілігіне күмән келтіреді. Бұл туралы қырғызстандық сарапшы Біржан Чукин жазады.

Сөзбе-сөз:

 «1960 жылы 13 қарашада ГФР-да бірінші атом электр станциясы іске қосылды.

 2023 жылдың 15 сәуірінде ГФР-да соңғы атом электр станциясы жұмыстан шығарылды.

Неміс атом энергетикасының 63 жылдық дәуірі аяқталды.  Дәуірі аяқталды, ал проблемалары енді басталып жатыр.  Оларды шешу үшін ондаған жылдар қажет және миллиардтаған еуро кетеді.

Ал оның себебі

АЭС-ын утилизациялау кезінде шамамен жарты миллион тонна жоғары радиоактивті материалдар мен жабдықтарды демонтаждап, шығарып және қауіпсіз жерге көміп тастау қажет. Оған ондаған жылдар қажет

Мысалы, «Мюльхайм» АЭС-ын демонтаждау 2004 жылдан бері жүргізілуде. 20 жыл бойы бөлшектеп келеді. (Құрылысқа 10 жыл кеткен). Оны әлі қанша жыл қопаратыны белгісіз.

«Грайфсвальд» АЭС-ын сонау 1995 жылдан бері бөлшектеп келеді. Әлі бөлшектеп бітер емес. 28 жыл болды.

Демонтаж бен утилизацияның құны туралы мүлдем айтпаған дұрыс, қуантарлық жайт емес.  Ал ядролық қалдықтар қоймаларының қауіпсіздігін сақтау мыңдаған жылдарды қажет етеді… Яғни, мәңгілік шығындар.

 Бұл парадоксқа да алып келді: АЭС-ын демонтаждау және утилизациялау АЭС-ның жұмыс істеген барлық жылдарындағы пайдасынан да жоғары шығады.

 Бундестагтың көңілі қалған бір депутаты:

 — Егер біз қалдықтарды сақтау және атом электр станцияларын утилизациялау кезінде қандай проблемалар туындайтынын басынан бастап білсек, біз ешқашан олардың құрылысын бастамас едік, депті.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago