Қазақтардың Наурыздағы тамаққа таласы талқыға түсті

Әлеуметтік желіде тегін палауға таласқан жұрттың видеосы кең тарап, қызу талқыға түсті.

Наурыз мейрамына орай республика қалаларында киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды. Алайда тегін таратылған тамақтың арты дау-жанжалға ұласып, тіпті ұрыс-төбелеске әкелді. Киіз үйге кіруге асыққан халық айғай-шу шығарып, бір-бірін таптап өтуге дейін барды.

Желі қолданушылары қазақстандықтардың ерсі қылығын қатаң сынға алып жатыр.

«Ұят-ай, өздерін көріп ұялмай ма екен? Не көрінді сонша? Мына түрімізбен даму қайда бізге! Міне, осындайлардан шығады жымғыртатын жемқорлар, түк көрмеген тегінге құмарлар», «Тегін тектілігіңді бұзады дейдін еді Әжем», «Елінде соғыс болып, аш жүрген Сирия халқы да бұлай таласпайды ғой», «Қазағым қара қазанның қадірін ұмытқандай ғой», «Адамдардың ниеті жаман болып бара жатыр. Шүкіршілік жоқ, тәубеге келіңдер», «Не жабайылық, ар-намыс қайда? Қасиеттен жұрдай болып бара жатырмыз», «Құлдық санадан қашан арыламыз қазағым?»,

деп жазды Желі қолданушылары.

Басқаның несібесі

Блогер Оңғар Қабден Украинада болған жағдаймен параллель келтірді.

«Өткенде парақшамнан Украинадан Аида Хаметжанова жіберген видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Қазақтар тіккен киіз үйдің қасында украин жігіті өзіне берген бір тарелка палаудан екі-үш қасық жейді де, қалғанын кішкентай қызына береді.

Қазанның қасындағы палау салып тұрған ағай “кел, тағы да салып берейін. Палау бар әлі” десе ана жігіт, “мен өзімдікін алдым ғой. Қазандағы ол басқаларының несібесі” деп жауап береді. Сол кезде қатты таң қалып едім. Көз алдыма Болаттың берген палауына таласқан өзіміздің халық келіп, қатты ыңғайсызданғанмын.

Сосын өзімізді солармен салыстырып соғыс болып жатса да ары мен намысын жоймаған халық екен сүйсінгенмін. Кешегі “палау таласты” көріп жылағым келді. Құдай-ау отыз жылда не болып кеткенбіз?

Халық аш, жалаңаш деп ақтамай-ақ қойыңыздар. Бір тарелке тамақ үшін Африканың өзінде бұлай таласпайды. Тегін тамақ, тамақ тарату деген акцияны тоқтату керек. Жетімдер үйіне, қарттар үйіне барып істе. Мешітке апарып қатымханасына жай дастарханды. Адам құсап отырып жесін.

Не мынау? Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті.Бағана Украинадан хабарласқан жігіттер шок болып жатыр. Не айтарымды да білмедім», — деп жазды Оңғар Қабден.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

21 час ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

2 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

5 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

5 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

5 дней ago