Оқиға

АИТВ инфекциясын әдейі жұқтырған Теміртау тұрғыны 6 жылға сотталды

Теміртауда ауыр дерті барын біле тұра, қасақана әйелдермен қорғалмаған байланысқа түсіп, оларға АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адамды соттау процессі өтті.

Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өткізу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық істі Теміртау қалалық соты жабық сот отырысында қарады. Айыпкерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 118-бабы 3-бөлігі (ауруын біле тұра, басқа адамға АИТВ жұқтырған) бойынша айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында екі әйелді АИТВ-инфекциясымен қасақана жұқтырған ер адам ұсталды.

Ер адам ауруды таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертілгеніне қарамастан, басқа адамға АИТВ/ЖИТС жұқтырғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді.

Сотта ер адамның кінәсі оның ішінара мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды.

Прокурор айыпталушыға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал қорғаушы тарап бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды өтінді.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмаған баласының болуы кінәні жеңілдететін дерек деп таныды. Соттың үкімімен С. орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ,

деп хабарлады Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago