Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін…

Қаңтар оқиғасы туралы бес сериялы фильм түсірілді.

Almaty.tv журналистік зерттеу жанрындағы бұл авторлық фильм Алматыдағы қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтіріп, әр түрлі болжамдар мен қауесеттен тыс, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетуге тырысады.

Телеарнаның хабарлауынша, бүкіл ел үшін үлкен сынаққа айналған трагедия туралы бес бөлімді фильмнің алғашқы бөлімінде эксклюзивті сұхбат және жұртқа беймәлім фактілер беріліп, ең бастысы – қантөгіске айналған бүлік пен жаппай тәртіпсіздік хронологиясы қайта жаңғыртылды.

Көрермен қатысушылар мен куәгерлердің айтуы бойынша қайғылы қаңтардың қалай басталғанын, не болғанын, бүлікшілердің әкімдік, әуежай және полиция департаментін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін біледі. Журналистеріміз елде дүрбелең болғаны кімге пайдалы болғанын, мемлекет тұтастығы қалай сақталып қалғанын түсіну үшін оқиғаларға сараптама жасады,

делінген одан әрі хабарламада.

1 желтоқсан күні «Алматы» телеарнасынан «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін…» фильмінің бірінші бөлімі көрсетіледі. Фильмді YouTube арнасынан да көруге болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago