Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 150-ден астам адам қаза болып, тағы 200-ден астамы жарақат алды.
Адамдар Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, қысылғаннан ауа жетпей, бірін-бірі таптап кеткен. Ені небәрі 4 метрлі құрайтын көшеде бір уақытта шамамен 100 000 адам өткен.
Бұл COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері бетпердесіз және әлеуметтік шектеулерсіз ұйымдастырылған алғашқы Хэллоуин мерекесі еді. Сенбі күні түнгі уақытта өртсөндіру бөліміне тыныс алуы қиын науқастар туралы хабарламалар келе бастаған. Басында 50-ге жуық адамның жүрек талмасынан қаза болғаны мәлімделген еді. Енді олардың саны 151-ге жетті. Қаза болғандардың көпшілігі 20 жаста болған. Олардың ішінде 19 шетелдік азамат болғаны анықталды. Олар Иран, Өзбекстан, Қытай және Норвегиядан келгендер.
Бүгін қайғылы оқиғада қайтыс болғандардың ішінде Қазақстан азаматшасы болғаны анықталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Марқұм қыз Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетіп жатыр.
Қаза тапқандар арасында 97 әйел мен 54 ер адам болған.
Осы оқиғаға барлығы 848 адам жұмылдырылған, оның ішінде 364 өртсөндіруші және 142 жедел жәрдем көлігі бар.
Оңтүстік Кореяда бүгін ұлттық аза тұту жарияланды.
Президент Юн Сок Ёл кеше Сеулде болған қайғылы оқиға орнында болып, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Жағдай реттелмейінше ұлттық аза тұту жарияланады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…