Айгүл Иманбаеваның «Болашақпен» оқуға түсуі Қазнетті ашуландырды

Кәсіпкер, “Qareket жақсылық жаса“ қайырымдылық қорының негізін қалаушы Дина Сырғабаева «Әншілерді халықтың ақшасына оқытудың қандай мәні бар» деп, Ғылым және жоғары білім министріне сауал тастады.

Әншілерді халықтың ақшасына оқытудың қандай мәні бар? «Болашақ» бағдарламасы медицина, жоғары технологиялар, сирек мамандықтар бойынша құнды мамандарды дайындау үшін қажет. Халқым, қалай ойлайсыздар, бұл ақшаны аз қамтылған отбасыларға шағын бизнес ашуға қолданған жөн емес пе? Осыларды «Болашақпен» оқытуды салық төлеүші ретінде қолдайсыз ба? Мұндай әншіден қарапайым халыққа не үміт, не хайыр?

деп жазды кәсіпкер.

Оны Қазнет қолданушылары да қолдады.

«Ол барып не оқиды екен, кәртейген бұны жібергенше басқа адам табылмай қалып па»

«Не болса соған халықтың ақшасын жаратпай, қарапайым адамдарға өмір сүруге көмектесе, дұрыс болар еді»

«Сол ақшаға ауырып науқас болып жатқан жандарды, шетелге жіберіп неге емдетпеске?»

«Қолдаймын! Бұлар өз қаражаттарына оқысын.Қарапайым ауыл балаларына берілсін мүмкіндік»

«Бұл не тындырмақ, жасы келген, керемет талант та емес. Жалпы, ортанқол той әншісіне бюджеттік қаржыны үкімет не үшін шашады!? Бұдан қандай пайда елге?!»

«Театры бар болса өз қаржысына барып оқысын, жастарға тиесіліге ортақ болмай».

«Қарсымын, олардан халыққа ешқандай пайда жоқ, өз қалталарын толтыру болмаса, дарынды балаларды оқыту керек»,

деп жазды қолданушылар.

Айта кетейік, әнші Айгүл Иманбаева «Болашақ» бағдарламасымен Лондонға оқуға түскен. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондон қаласына оқуға түстім. Бүгін сол жаңалығыммен «Өмір көркем» бағдарламасында бөлістім. Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын,

деп жазды актриса.

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — қазақстанның эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады.

2011 жылы тәуекелге бел буып жеке «А.И» драма театрын ашады. Азғантай ғана уақыт өтсе де көрермендерге екі спектаклін көрсетіп үлгерді. Оның бірі Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы болса екіншісі Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясы болып табылады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago