Categories: Экономика

«Айлыққа дейін». Қарызды кімге беруге болмайды?

«Айлыққа дейін, шәкіртақы түскенше немесе зейнетақы аударғанша қарыз бере тұршы?» Мұндай сұрақты қаншалық жиі естисіз? Қаржы кеңесшісі Әйгерім Нұрлан не үшін қарыз бермеу керек екенін түсіндірді.

Әйгерім Нұрлан адамдар жиі қарыз сұраса, демек айналаңыз сіздің кіріс-шығыныңызды жақсы білетінін айтады. Қарыз сұраған адамның меселін қайтармайсыз. Дегенмен олар алған ақшаны уақтылы бере ме? Әлде ылғи есіне салып тұру керек пе? Соңында ұрсысып, жанжалдасып, қалыпты қатынас бұзылса ше?

Қаржы кеңесшісі қарыз бермеудің үш себебін жазды:

  1. Жақын жандарға қарыз беруге болмайды, оларға ақша сыйланады

Бұл жағдайда кімді «жақыным, туысым» деп санайтыныңызды ажыратып алыңыз. Мұндай санатқа көршіңіздің немере әпкесі жата ма, жоқ өзіңіздің туған ағаңыз ба? Бұл ортаға туыстар ғана емес, сізді қолдайтын, өзіңіз жақыным деп санайтын адамдар да кіреді. Олар ақша сұраса, демек көбіне шұғыл түрде қажет болып тұр немесе ақша сұрамасқа, басқа жол жоқ деген сөз. Қарыз бердім дегеніңіз оған көмектескеніңізді білдіреді. Солайша, ақшаны сыйладым деген нақты түсінік болу керек. «Ақшаны қайтара ма, жоқ па» деген сауал сізді алаңдатпауы керек. Алаңдатса, ақша бермеңіз, ешқашан. Шаруа бітті.

2. Әріптесіңізге, курстасыңызға, таныстарыңызға ақша бермеңіз — қатынас бұзылады

Өз басым жұмыс барысында адамның шын мәнінде қандай екенін тани алмайтынымызды түсіндім. Әріптесіңе, танысыңа қарыз бере тұру деген сияқты көмектің соңы бітпейтін жанжалға ұласуы мүмкін.

3. Бір соманы белгілеп, содан асқан ақшаны қарыз деп есептеңіз

«Шайға 200 теңге бере тұршы, әмиянымды үйде қалдырып кетіппін». Мен мұндайға қалыпты деп қараймын әрі қарыз бердім деп есептемеймін. Сол сияқты нақты бір соманы белгілеңіз. Мысалы, 5 мың теңге. Осы сомадан асқан ақшаны қарызға бере алмайсыз. Сізден айлыққа дейін деп 50 мың сұрап жатыр, бермеңіз. Өйткені бұл сіз белгілеген ақшадан көп.

Өмірде түрлі жағдай болады. Адамның басына іс түсіп, оған көмектессеңіз, бұл — қайырымдылық. Ақшаның қайтуын күтпеңіз. Ал өзгенің еңбегін бағаламайтын, қарызға өмір сүретін адамдардан қашық жүріңіз. Ең оңтайлы нұсқа мынау: қарыз бермеңіз,

дейді қаржы кеңесшісі.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

14 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

22 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

22 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago